«Теміртау қаласының №8 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ

Мектептің сипаттамасы ,білім беру сапасы, рейтингісі және педагогикалық құрамымен танысыңыз. Содан соң, баланыздың тұрғылықты мекен-жайынсыз 1 сыныпқа қабылдау үшін квотаны алыңыз.
Фото садика
«Теміртау қаласының №8 жалпы білім беретін орта мектебі»  КММ | 1
«Теміртау қаласының №8 жалпы білім беретін орта мектебі»  КММ | 2
«Теміртау қаласының №8 жалпы білім беретін орта мектебі»  КММ | 3
«Теміртау қаласының №8 жалпы білім беретін орта мектебі»  КММ | 4
«Теміртау қаласының №8 жалпы білім беретін орта мектебі»  КММ | 5
«Теміртау қаласының №8 жалпы білім беретін орта мектебі»  КММ | 6
Атауы:

«Теміртау қаласының №8 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ

Оқыту тілі:
Қазақ
Түрі:
Жалпы білім беретін
Бағыты:
Жаратылыстану – математикалық
Айына төленетін бастапқы құны:
Тегін
Құрылған жылы:
1960
Лицензия нөмірі:
47 № 0157962 2012.27.03 жылы берілген
Қосымша жабдықтар:
Интербелсенді тақта - 5 дана
Телефон:
Web-сайт:
sсhool8.ttau@mail.ru
Мекен-жайы:
Теміртау, Бейбітшілік даңғылы, үй 75


Қызмет көрсету ауданы:
Қарау керек:
Мекен-жайы Үйлер
ТЕМІРТАУ, 68 КВАРТАЛ 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 17а, 17б, 18, 19
Теміртау, Бейбітшілік даңғылы 75
ТЕМІРТАУ, БЕЙБІТШІЛІК КӨШЕСІ 47/1, 53, 55, 55/1, 57
ТЕМІРТАУ, КОМСОМОЛ ДАҢҒЫЛЫ 24

Білім беру мекемесі туралы қосымша ақпарат
  • Басшылық Басшылық
  • Бастауыш мектеп Бастауыш мектеп
  • Мектептер рейтингі Мектептер рейтингі
  • Қосымша білім беру бағдарламалары Қосымша білім беру бағдарламалары
  • Жазғы лагерь Жазғы лагерь
ЖАНАХМЕТОВА БОТАГОЗ УСЕНОВНА
Қызметі :
Директор
Жасы:
56 жыл
Бастапқы білім :
Жоғары
Категория:
Жоғары
Жалпы педагогикалық тәжірибесі :
35 жыл
Басшының жалпы тәжірибесі :
15 жыл
Марапаттар және айырмашылықтар:
1. Құрмет грамота – Теміртау қаласы әкімі, 2011ж. 2. Құрмет грамота – Теміртау қаласы әкімі, 2015 ж. 3.Құрмет грамота – Қарағанды облысының білім басқармасы, 2015 ж.
Басшының үндеуі
№8 жалпы білім беретін орта мектебі Теміртау қаласының ең үздік мектептерінің бірі. Мектеп жаратылыстану-математикалық бағытта. 2017 жылдың желтоқсан айында жаратылыстану-математикалық бағытында оқытатын барлық мұғалімдер химия,физика, информатика, биология пәндерін ағылшын тілінде оқыту курсын аяқтайды. Мектептің өзінің жетістіктері бар. 1. Жыл сайын оқушылардың оқу сапасының артуы: 2015-2016 оқу жылында -56 % 2016-2017 оқу жылында -59 % 2. Сынып жиынтығы мен оқушылардың санының артуы: 2015-2016 оқу жылында-28 сынып- 767 оқушы, 2016-2017 оқу жылында -30 сынып – 801 оқушы, 2017-2018 оқу жылында-30 сынып – 846 оқушы. 3. Жыл сайын оқушылардың ҰБТ тапсыру нәтижесі бойынша, мектеп қала бойынша ең жақсы тапсырған он мектеп қатарына кіреді. 4. Жыл сайын үздік аттестат пен «Алтын белгі» иегерлері мен үміткерлерінің саны артуда. 2015-2016 оқу жылында – 1, 2016-2017 оқу жылында – 3, 2017-2018 оқу жылында - 4 үміткер. 5. Мектепте қаламыздың ең үздік мұғалімдері жұмыс істейді. Жоғарғы және бірінші санатты мұғалімдер 50 % құрайды. 6. Мектеп қалалық пән олимпиадасынан алған жүлделі орындардың саны бойынша жүлдегер. 2015-2016 оқу жылында-2 орын қала бойынша, 2016-2017 оқу жылында-2 орын қала бойынша. Оқушылардың ғылыми жобадан алған жүлделі орындары: 2015-2016 оқу жылында –24 жүлделі орын, 2016-2017 оқу жылында -34 жүлделі орын. 7. Жыл сайын республикалық және облыстық онлайн байқауға қатысушы оқушылар мен жүлделі орындардың саны артуда: 2015-2016 оқу жылында -102 қатысушы -51 орын, 2016-2017 оқу жылында -179 қатысушы-81 орын. 8. Мектептің өзінің дәстүрлері бар. Қайырымдылық жобасы «Мейірімділік –асыл қасиет»: «Мектепке жол акциясы», «Қамқорлық акциясы», «Мейірімді жүрек», «Балаға ойыншық сыйла!», «Тәтті сыйлық». «Соғыс,тыл ардагерлеріне құрмет!» «Жұлдыздар шеруі» мектептің ең үздік педагогтарын, оқушыларын, ата-аналарын мараппатау рәсімі. 9. Мектеп жұмысының алға ұстар бағытының бірі- ата-аналарға арналған жалпы құқықтық білім беруді ұйымдастыру. Нәтижесінде 15 жылдан бері мектебімізде ешқандай құқықбұзушылық жоқ.

Соңғы оқу мерзімінің ақпараты
Мектептің жалпы білім сапасы (1-11): 0% ( место из по Теміртау)
Бастапқы сыныптардың білім сапасы (1-4): 0% ( место из по Теміртау)

2019 - 2020 оқу жылдарында оқушылардың үлгерімі туралы шұғыл түрдегі ақпараты
Сынып
Сынып үлгісі
Оқушылар саны
Үздіктер
Оқу үлегірімі орташа
% сапасы
Үйірме, Секция, факультативтер
«Математика біздің айналамызда» таңдау курсының мақсаты: оқушылардардың интеллектуалдық потенциалын, шығармашылық қабілеттерінәне тұлғалық сапаларын дамыта отырып, балаларды динамикалық, өзгермелі әлемде өмір сүруге үйрету.
«Оқу шаттығы» таңдау курсының мақсаты: кітап оқу қызығушылығын дамыту, оқу сауаттылығын арттыру,оқу мәдениеттілігін қалыптастыруға бағытталған балалар оқуын қолдау.
«Геоград» таңдау курсының мақсаты: оқушылардың ғылыми әлем бейнесі туралы біртұтас ұғымын құру, қызығушылығын арттыру үшін, мүдделерін, бейімділігі мен қабілеттерін, жаратылыстану-ғылыми білімін нақты өмірлік жағдайларда пайдалана отырып, оқушылардың жаратылыстану-ғылыми құзыреттілік деңгейін арттыру.
«Туған жер» курсының басты мақсаты: Теміртау қаласындағы тау, төбе, өзен, көше қалай пайда болған? Бастауын қайдан алады, соңы қайда тұйықталады?» деген сұрақтарға жауап іздеп, нәтижесінде жоба қорғау.
«Ел тарихы-жер тарихы» таңдау курсының мақсаты « Туған жер» бағдарламасын іске асыру барысында «Қаламыз қашан пайда болған? Негізін қалаған кімдер? Теміртау қаласы қандай жолдан өтті? Қаламызда қандай мықты әулеттер бар? Олардың тарихы қалай жалғасты?» деген мәселелер төңірегінде зерттеулер жүргізе отырып, жоба жазу.
«Физика таным» және «Биология таным» таңдау курстарының мақсаты: оқушыларға физикалық және биологиялық терминдер мен ұғымдарды ағылшынша үйретіп, өмірде қолдана білуге үйрету.
«Химиялық практикум: бақылау, эксперимент, модельдеу» таңдау курсының мақсаты: химия ғылымының негізін оқушыларға игерту арқылы химия зертханасында, ѳндірісте, табиғатта және күнделікті өмірде байқалатын сапалық өзгерістерді бақылауға және түсіндіре білуге,өмірде, қоғамға пайдалы еңбекте қолдана білуге үйрету және политехникалық дайындық беру.
«Зайырлылық және дінтану негіздері» курсының мақсаты: оқушыларды «зайырлылық» ұстанымын құндылық, яғни мемлекет баяндылығының басты тұғыры ретінде қабылдауға, дінді зайырлы таным аясында тануға үйрету.
«Математика және экономика» таңдау пәнінің мақсаты: оқушылардың экономикалық сауаттылығын арттыру арқылы математиканы оқытудың экономикалық бағытын күшейте отырып, тұлғаны интеллектуалды дамыту, математикалық – экономикалық қызметке тән ойлаудың сапасын арттыру.
«Тіл стилі» мақсаты:оқушыларды тақырыптық және еркін тақырыптарда шығарма және эссе жазуға үйрету.
«Биология таным» және «Физика таным» таңдау курстарының мақсаты: оқушыларға биологиялық және физикалық терминдер мен ұғымдарды ағылшынша үйретіп, өмірде қолдана білуге үйрету.
«Ғаламдық география» курсының мақсаты: географиялық ұғымдар мен заңдылықтар, географиялық есептер, термин сөздер туралы білімді оқушылардың бойына сіңіре отырып, ізденімпаз, жан – жақты тұлға тәрбиелеу. Функционалдық сауаттылығын, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Математика біздің айналамызда» үйірмесінің мақсаты: оқушылардың интеллектуалдық потенциалын, шығармашылық қабілеттерін және тұлғалық сапаларын дамыта отырып, балаларды динамикалық, өзгермелі әлемде өмір сүруге үйрету.
«Оқимыз, жазамыз» үйірмесінің мақсаты: мәнерлеп және шапшаң оқуға машықтандыру, көркем жазу дағдыларын қалыптастыру.
«Айбар» үйірмесінің мақсаты:патриоттық сана-сезімді қалыптастыру негізінде патриоттық тәрбиелеу жүйесін дамыту, өскелең ұрпақты патриоттық тәрбиелеудің заманауи қазақстандық моделін қалыптастыру.
«Роботтық техника» үйірмесінің мақсаты: оқушыларға роботтық техника және 3D технология бойынша құзіреттіліктерін жетілдіру.
«Информатика терминологиясы» үйірмесінің мақсаты: CLIL технологиясын пайдалана отырып, оқушыларға информатика пәнінің терминдерін ағылшын тілінде үйрету.

Лагерь атауыЛагерь түріClasses