Көмек және қолдау

Порталмен жұмыс істеудің пайда болатын сұрақтарына сұрақтар мен жауаптар

Мектептердің қандай түрлері болады және олардың бір-бірінен айырмашылығы?

Мектептердің мынадай түрлері бар: жалпы білім беретін, гимназиялар, лицейлер, бейінді, құрамдастырылған, мамандандырылған және арнайы.

Гимназиялар жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын пайдаланады және қоғамдық-гуманитарлық пәндерді тереңдетіп оқытады.

Лицейлер білім алушылардың бейімділігі мен қабілеттеріне сәйкес кеңейтілген және тереңдетілген жаратылыс-математикалық білімді қамтамасыз ететін негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін және қосымша білім беретін оқу бағдарламаларын жүзеге асырады.

Бейінді мектептер үлкен сыныптарда бір не бірнеше пәнді тереңдетіп оқыту бағдарламаларын жүзеге асырады.

Сондай-ақ құрамдастырылған лицей-мектеп не гимназия-мектеп бар. Бұл жағдайда нақты сыныптың ерекшелігіне қарау керек.

Мамандандырылған мектептер – дарынды балаларға «элитарлық білім» (осындай ресми термин бар) беретін мектептер. Олардың арасында да өз гимназиялары мен лицейлері болуы мүмкін.

Сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған мамандандырылған мектептер не сыныптар бар. Мамандандырылған оқу арнайы оқу бағдарламалары мен оқу әдістерін, техникалық және басқа құралдарды, тұрмыс-тіршілік ортасын, сондай-ақ медициналық, әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың жалпы білім беретін оқу және білім беру бағдарламаларын игеруі мүмкін емес өзге де көрсетілетін қызметтерді қамтиды.

Мамандандырылған мектепке не сыныпқа өтініш беру үшін ПМПК қорытындысы қажет.

1-сыныпқа қабылдау қашан басталады?
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бастауыш білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының бірінші сыныптарына қабылданатын балалардың ата-аналары немесе басқа заңды өкілдері құжаттарды ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 маусымынан бастап 30 тамызына дейін тапсырады.
1-сыныпқа қабылдау туралы өтінішті қалай беруге болады?

Порталдың басты бетінде «Қабылдау туралы өтінішті қалай беруге болады» түймешігін басып, жүйе көрсеткен ақпараттың барлығын толтыру қажет.

Қалаға және Білім басқармасының (бөлімінің) баптауларына байланысты SAKURA жүйесі әртүрлі мектептерге 3 өтінішке дейін беруге мүмкіндік береді: шағын учаске бойынша мектепке 1 өтініш және баланың тұрғылықты жеріне қарамастан мектепке 2 өтініш.

1-сыныпқа электрондық қабылдау тәртібі қандай?

Жалпы алғанда, электрондық қабылдау рәсімінің тәртібі мынадай:

ӨТІНІШ БЕРУШІ: оқуға қабылдау туралы электрондық өтініш береді

SAKURA: өтініште көрсетілген деректердің толық және дұрыс болуын тексереді. Содан кейін оны жүйеде тіркейді.

Барлық қалаларда тіркеу рәсімі әртүрлі. Кейбір қалаларда білім бөлімі автоматтық режимді қосады. Бұл жағдайда жүйе өтінімдердің барлығын өзі тексереді. Басқа қалалардағы тәртіп өзгеше. Бұл жағдайда өтінімдерді мектептердің қызметкерлері тексереді. Өтініш тіркелгеннен кейін өтініш берушінің Жеке кабинетінде хабарламалар таспасына хабарлама жіберіледі.

SAKURA: оқуға қабылдау туралы электрондық жолдама береді. Әдетте бұл өтініш тіркелгеннен кейін орын алады.

Жолдама пайдаланушының Жеке кабинетіне түседі. Жолдаманың қызмет ету мерзімі шектеулі және мектепке қабылдау үшін негіз болып табылады. Бұл мерзімде ата-ана мектепке барып, құжаттардың түпнұсқаларын ұсынуға тиіс.

Мектеп құжаттарды қабылдауға және құжаттарды қабылдау туралы қолхатты беруге тиіс. Одан кейін ата-анамен Білім беру қызметтерінің шарты жасалады.

Шетелдік бала мемлекеттік мектепке қабылданады ма?

Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балалар секілді шетелдік балалар да мемлекеттік білім беру ұйымдарына қабылданады.

Бірақ өтініш беруші елде тиісінше тіркеліп, оның ЖСН болуға тиіс, нақтырақ айтқанда:

  • шетелдік өтініш берушінің тұруға ықтиярхаты болуға тиіс;
  • азаматтығы жоқ өтініш берушінің азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі болуға тиіс;
  • босқын өтініш берушінің босқын куәлігі болуға тиіс;
  • пана іздеген адамның пана іздеген адамның куәлігі болуға тиіс;
  • оралман өтініш берушінің оралман куәлігі болуға тиіс.

1-сыныпқа электрондық қабылдау үшін қандай құжаттар керек?
Өтініш беру үшін мынадай құжаттар керек:
  • баланың туу туралы куәлігінің скан-көшірмесі (егер ол Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде туған болса);
  • баланың денсаулық жағдайы туралы анықтаманың скан-көшірмесі (№ 063/у нысаны);
  • баланың денсаулық паспортының скан-көшірмесі (026/у-3 нысаны, иммунопрофилактикалық іс-шаралар туралы ақпаратпен бала туралы жалпы мәліметтермен бөлімдер – егу картасы, баланың 5 жасынан бастап 7 жасына дейін жоспарлы профилактикалық қарап-тексерулер туралы мәліметтермен);
  • баланың цифрлық фотосуреті;
  • психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссияның қорытындысы (балаға ерекше инклюзивтік жағдай қажет болған кезде).
Денсаулық паспорты дегеніміз не?

«Баланың денсаулық паспорты» 026/у-3 есеп нысаны денсаулық сақтау, білім беру және халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарында балаларға медициналық көмек көрсетуді жетілдіру мақсатында әзірленді.

Аталған есеп нысанын жүргізудің негізгі міндеті баланың денсаулық жағдайына үздіксіз, сапалы диспансерлік бақылауды жүзеге асыру, оның ішінде баланың физикалық дамуын жақсартуға, денсаулығын нығайтуға, аурулардың алдын алуға, басталып жатқан патологиялардың ерте сатыларын анықтауға, әлсіз және науқас балаларды сауықтыруға және емдеуге бағытталған профилактикалық іс-шараларды жүргізу болып табылады.

Шағын учаске дегеніміз не?

Шағын учаске – мектепке жақын маңда орналасқан тұрғын үйлердің тізімі.

Қаланың бүкіл аумағы шағын учаскелерге «кесіліп», мектептердің арасында бөлінеді. Тегін мектеп білімінің мемлекеттік кепілдіктерін орындау үшін мектептер барлық балаларды шағын учаске бойынша қабылдауға тырысады.

Шағын учаске бойынша мектепке қалай қабылдайды?

Өтінішті беру кезінде баланың тұрғылықты мекенжайын көрсету керек және жүйе бұл мекенжайға қызмет көрсететін мектепті өзі белгілейді.

Басты бетте «Тұрғылықты жер бойынша мектепті іздеу» бөлімінде шағын учаскелердің картасымен танысуға болады.

Мектеп баланың тұрғылықты мекенжайын қалай белгілейді?

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес 14 жасқа дейінгі балалардың тұрғылықты жері олардың заңды өкілдерінің (ата-аналардың, асырап алушылардың, қамқоршылардың) тұрғылықты жері танылады.

Мектеп заңды өкілдердің тұрғылықты жері туралы ақпаратты мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Өтініш беру кезінде неліктен жүйе тұрғылықты жері бойынша мектепті анықтай алмайды?

Ең жиі кездесетін себебі – шағын учаскелердің картасында көрсетілген мекенжайдың болмауы.

Бұл жағдайда туындаған проблема туралы техникалық қолдау қызметіне хабарлау қажет. Сұрақты дұрыс тұжырымдап, қажетті көмекші ақпаратты көрсету керек. Техникалық қолдау қызметі мектепке өзі хабарласып, шағын учаскенің картасына өзгерістердің енгізілуін қамтамасыз етеді.

Мектепке қабылдау үшін мекенжай анықтамасы керек пе?

Мектептер мекенжай анықтамаларын талап ете алмайды.

2019 жылы «Тұрғылықты жерден мекенжай анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің күші жойылды. Бұдан былай анықтама секілді мұндай мемлекеттік көрсетілетін қызмет жоқ. 2019 жылдың күзінде бұл көрсетілетін қызмет мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің ресми тізілімінен алынып тасталды, ал мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты ҚР ІІМ-нің 05.12.2019 жылғы № 1038 бұйрығымен күші жойылды.

Баланың тұрғылықты жеріне қарамастан мектепке қабылдай ма?

Тұрғылықты жеріне қарамастан мектепке қабылдану үшін өтінішті беру кезінде бос квоталары бар мектепті таңдау қажет.

Квоталар – бұл балалардың тұрғылықты жеріне қарамастан еркін қабылдау үшін мектептің бөлген орындары.

Мектептер еркін қабылдау үшін квоталарды қалай жоспарлайды?

Мектептер тұрғылықты жерге қарамастан балаларды қабылдау үшін квоталардың санын өздері белгілейді.

Жаз бойы квотаның саны жинақталу кезеңіне қарай шығып, өзгеруі мүмкін.

Мектептер еркін қабылдауға квота бөлмесе, не істесек болады?
Мүмкін квоталар бойынша орындар бос емес. Немесе квоталар кейін бөлінеді. Осындай сұрақтар бойынша мектептің өзіне жолығу керек.
1-сыныпқа қабылдау кезінде мектептер тестілеу өткізе алады ма?

Жалпы білім беретін мектептің 1-сыныбына қабылдау кезінде ешқандай алдын ала іріктеулерге рұқсат берілмейді.

Алайда гимназиялар, лицейлер және мамандандырылған білім беру ұйымдары емтихан, тестілеу, сынақтарды және басқа да конкурстарды өткізе алады.

Шағын учаске бойынша лицейге/гимназияға қалай қабылдайды?

Лицейге/гимназияға бірінші сыныпқа оқуға түсу үшін конкурстық іріктеуден өту керек. Дегенмен кейде лицей не гимназия шағын учаске бойынша мектеп те болуы мүмкін.

Бұл жағдайда заңнаманың талаптарымен гимназиялар мен лицейлер өзінің негізінде жалпы білім беретін сыныптарды да ашуға тиіс деп орнатылған. Шағын учаскеде тұратын балаларды қабылдау үшін.

Бұл ретте, шағын учаскенің жалпы білім беретін бағдарламалардағы қажеттіліктерін толық көлемде қамтамасыз етпейді, ал осындай сыныптардың қажетті санын ғана қалыптастырады. Қанша сыныптың және қай тілде ашылатынын білім беру ұйымынан сұрау керек.

EGOV арқылы оқуға қабылдау туралы өтінішті беруге болады ма?

Заңнамаға сәйкес өтініштерді EGOV және мектептің кеңсесі арқылы беруге болады. EGOV арқылы берілген өтініштер белгілі бір уақыттан кейін SAKURA жүйесіне автоматтық түрде келіп түседі.

SAKURA жүйесі мектептің электрондық кеңсесі болып табылады. Сондықтан осы жүйе арқылы берілген өтініштер бірден қаралуға түседі.

SAKURA мобильді құрылғыларда жұмыс істеу үшін құрылған. Бұл жерде ЭЦҚ жоқ, бір реттік құпиясөздер пайдаланады. Мобильді телефондардың барлық танымал үлгілері және iOS/Android операциялық жүйелерінде қолданылады. Өтініштер мен жолдамалар жеке кабинетте сақталады. Жеке кабинет өтініш берген соң автоматтық түрде жасалады.

Баланың мектепке қабылданғанын қалай білуге болады?
Жеке кабинетте, сондай-ақ баланы мектепке қабылдау туралы өтініште көрсетілген телефон нөміріне мектепке қабылдау туралы SMS хабарлама келеді. Өз кезегінде, баланы мектепке қабылдаудың басты белгісі – мектеппен жасалған шарт екенін ұмытпау керек.
Мектепке жолдама берілген соң бұл мектептен бас тартуға бола ма?
Жеке кабинет арқылы мектепке берген өтініштің күшін жоюға болады. «Менің өтініштерім» бөліміне кіріп, өтініштің карточкасын алу және өтініштің күшін жою деген команданы орындау қажет.
1-сыныпқа қабылдау туралы өтініштің мәртебесін қалай тексеруге болады?
Жеке кабинеттің «Менің өтініштерім» бөліміне кіріп, өтініштің мәртебесін тексеруге болады.
Қандай жағдайларда мектеп өтінішті тіркеуден/баланы қабылдаудан бас тарта алады?
Әдетте өтінішті тіркеуден/баланы қабылдаудан бас тартудың негізгі себептері мынадай:
  • құжаттар тізімінің толық болмауы;
  • құжаттардың жалған болуы;
  • медициналық қарсы көрсетілімдер;
  • мектепте орындар мен квотаның болмауы.
Негізделген бас тартуды беру регламенті қандай?

Мектептің баланы қабылдаудан бас тартуы әрі қарай қаралу үшін Білім басқармасына (бөліміне) жіберіледі.

Бас тарту бекітілген соң баланың заңды өкіліне SMS хабарлама келеді. Сондай-ақ мектептің бас тартқаны бойынша ақпаратты Жеке кабинеттің «Менің өтініштерім» бөлімінде көруге болады.

Егер білім басқармасы (бөлімі) мектептің бас тартуына келісім бермесе, өтініш автоматтық түрде мектепке қайтарылады.

Егер жазғы кезеңде 1-сыныпқа қабылдау туралы өтінішті беруге үлгермесеңіз, не істеуге болады?
Мемлекеттік қызмет жаздың соңына дейін ғана көрсетіледі. Барлық қалған және форс-мажорлық жағдайлар бойынша қаланың Білім басқармасына (бөліміне) жолығу қажет.
Жүйеде қалай тіркелуге болады?
Жүйені пайдалану үшін тіркелудің қажеті жоқ, барлық негізгі көрсетілетін қызметтер тіркеусіз көрсетіледі және жеке кабинеттің болуын талап етпейді.
Жеке кабинетке қалай кіруге болады?

Өтініш берген соң Жеке кабинет өтініш берушінің ЖСН-і және өтініште көрсетілген телефон нөмірі бойынша автоматтық түрде жасалады.

Басты беттің жоғарғы жағында «Жеке кабинет» түймешігін басып, жүйенің нұсқаулары бойынша авторизациядан өту қажет.

Жүйемен жұмыс істеу бойынша нұсқаулықтар бар ма?