Жеңілдікпен тамақтандыру туралы электрондық өтініш беру

ӨТІНІШТЕРДІ ҚАБЫЛДАУ ҚАЛАЙ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ? Қарау
Электрондық өтінішті қалай және қайда беру керек?

Электрондық өтінішті SAKURA АЖ порталы арқылы бере аласыз

Өтінішті кім бере алады?

Өтінішті баланың ата-анасы немесе заңды өкілдері ғана бере алады

Өтініш қай уақыттың ішінде тіркеледі?

Өтінішіңіз 15 минуттың ішінде тіркеуден өтеді

Өтінішті қалай беруге болады? Қарау
Қызметті қалай алуға болады?

"Электрондық үкіметтің" веб-порталы (www.egov.kz), білім беру ұйымы және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы (электрондық не қағаз түрінде, таңдауға болады)

Қызметті қағаз түрінде алу үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе білім беру ұйымының кеңсесіне жолығу керек. Осы интернет-портал дәл сол кеңсенің және білім беру ұйымының өкілдігі болып табылады. Сондықтан аталған порталдың көмегімен берілген өтініш қағаз түрінде берілген өтінішпен бірдей

Баланың заңды өкілі деген кім?

Баланың заңды өкілі – бұл ата-ана, немесе баланың мүдделерін білдіруге ресми (яғни, құжат түрінде) уәкіл етілген тұлға (асырап алушылар, қамқоршылар, қорғаншылар)

Өтінішті кім бере алады?

Қазақстан Республикасының азаматы

ӨТІНІШТІ БЕРЕ АЛМАҒАН БОЛСАҢЫЗ, НЕ ІСТЕУГЕ БОЛАДЫ? Қарау
Қандай жағдайларда жеңілдікпен тамақтандыруды ұсынудан бас тартылуы мүмкін?

Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды толық ұсынбаған жағдайда. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздемелер:

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің сәйкес келмеуі;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша.

Заңсыз бас тартылған жағдайда, қайда шағымдануға болады?

Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің немесе әкімдіктің кеңсесіне, сондай-ақ портал арқылы беріледі

Тағы нені білу керек? Қарау
Өтініштің тіркеуге түскенін қалай түсінуге болады?

Электрондық өтінішті беру кезінде көрсетілген мобильді телефон нөміріне SMS хабарлама түседі немесе сіз мәртебесін жеке кабинет арқылы тексере аласыз

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің паспорты
Көрсетілетін қызметтің атауы

Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну

Көрсетілетін қызметті беруші

Мемлекеттік қызмет облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен көрсетіледі

Көрсетілетін қызметті алушы

Жеке тұлғалар (баланың ата-аналары немесе басқа заңды өкілдері)

Қызмет қайда көрсетіледі
  • 1 "Электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы: www.egov.kz
  • 2 Білім беру ұйымдары арқылы
  • 3 Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы (электрондық не қағаз түрінде, таңдауға болады)

Қызметті қағаз түрінде алу үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе білім беру ұйымының кеңсесіне жолығу керек. Осы интернет-портал дәл сол кеңсенің және білім беру ұйымның өкілдігі болып табылады. Сондықтан аталған порталдың көмегімен берілген өтініш қағаз түрінде берілген өтінішпен бірдей.

Қызметті көрсету нәтижесі

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – жалпы білім беретін мектепте тегін немесе жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну туралы анықтама немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап

Қызметті көрсету мерзімі

Құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге тапсыру сәтінен бастап, сондай-ақ порталға жолығу кезінде – 5 (бес) жұмыс күні

Көрсетілетін қызметтің құны

Тегін

Нормативтік актілер

Қызметтің көрсетілуі көптеген нормативтік құжаттармен реттеледі, оның ішінде мынадай негізгі құжаттар:

  • 1 "Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығы (2015 жылғы 13 сәуірдегі № 198)
  • 2 Мемлекеттік қызметті көрсету регламенті (облыс әкімдігінің қаулысымен бекітіледі, әрбір өңірде өзінің ерекшеліктері бар)
ТАЛАП ЕТІЛЕТІН ҚҰЖАТТАРДЫҢ ТІЗІМІ
  • 1 Туу туралы куәліктің скан-көшірмесі (егер мәліметтері «АХАЖ» МДҚ-да болмаса)
  • 2 АХАЖ АЖ-де мәліметтер болмаған жағдайда, неке қию немесе неке бұзу туралы куәліктің скан-көшірмесі
  • 3 Мәртебені растайтын құжаттың скан-көшірмесі:
    • мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алу құқығы бар отбасылардан шыққан балалар үшін – көрсетілетін қызметті алушының (отбасының) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама;
    • жан басына шаққанда орташа табысы күн көріс деңгейінен төмен, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан балалар үшін - алған табысы туралы құжаттар (жұмыс істейтін ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың жалақылары туралы, кәсіпкерліктен және басқа да қызмет түрлерлерінен түсетін табыстары туралы, балаларға және басқа да асырандыларға төленетін алимент түріндегі табыстары туралы анықтама);
    • отбасыларда тұратын жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін – уәкілетті органның қамқорлықты (қорғаншылықты) белгілеу туралы шешімі, патронаттық тәрбиелеуге, асырап алатын отбасыға беру туралы шарт;
    • төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балалар үшін - төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемнің қажеттілігін дәлелдейтін құжат;
    • білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына жататын балалар үшін (оның ішінде, жетім балалар, даму мүмкіндіктері шектелген балалар, экологиялық қолайсыз аудандардан шыққан балалар үшін) - отбасының материалдық-тұрмыстық ахуалын зерделеу, сондай-ақ қаржылай және материалдық көмек көрсету туралы шешім қабылдау үшін басқа да қажетті құжаттардың негізінде қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерге тегін жолдама беру туралы білім беру ұйымының алқалық органның шешімі.

Өтініш беру үшін заңды өкіл бірнеше қадамнан өтуге және мынадай ақпаратты ұсынуға тиіс:

Қадам 1
екі мобильді телефон нөмірін көрсету;
Қадам 2
заңды өкіл туралы мәліметтерді көрсету;
Қадам 3
бала туралы мәліметтерді көрсету;
Қадам 4
электрондық хабарламалардың өлшемшарттарын ретке келтіру;
Қадам 5
жасалған өтінішті тексеру және оны тіркеуге жіберу.
Күшін жою
Техникалық қолдау қол жетімсіз